Құқық қорғаушылар жоғалған қызды тауып отбасына қайтарды

Oinet.kz 09-08-2020 647

81.jpg

Түркістан облысы әкімінің азаматтардың құқықтарын қорғаумен қатар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету тапсырмасын құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұлжытпай жүзеге асыруда. Соның бірі – ордабасылық полицейлер жоғалған 19 жасар қызды тауып, жанұясына қайтарды.

Ордабасы аудандық Полиция бөлімінің кезекші бөліміне жергілікті тұрғын арызданып, 2000 жылғы қызының үйінен белгісіз бағытқа шығып кетіп, қайта оралмағаны жөнінде хабарлайды. Анасының айтуынша жас қыз таңғы сағат 06:00 шамасында үйден шыққан. Содан бері із-түссіз, хабарсыз кеткен.

Аталған хабарлама бойынша Ордабасы АПБ криминалдық полиция қызметкерлері тез арада іздеуге кірісті. Жоғалған қызды табу мақсатында қажетті деп танылған барлық жедел шараларды атқарды. Тұрғындар арасында сұрастырылып, жақын маңдарды аралап, баруы мүмкін деген жерлер тексерілді. Облыс аумағынан бөлек көршілес Шымкент қаласында да іздестіру жүргізілді. Осылайша сақшылардың жүйелі жұмыстары оң нәтиже беріп, қыздың Шымкент қаласына кетіп қалғандығы анықталды. Ордабасылық полицейлер түнгі уақытта қызды алып келіп, аман есен анасына табыстады. Сонымен қатар қызға тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тергеу барысында 19 жасар қыздың отбасында кикілжің туындағаннан кейін ашуға бой алдырып үйінен кетіп қалғандығы белгілі болды.

Өз кезегінде қыздың анасы Ордабасы АПБ-нің полицейлеріне жоғалған қызын аман-есен тауып бергендері үшін алғысын жеткізді.

Түркістан облысы полицейлері азаматтарға өздеріңіздің ұл-қыздарыңызбен жиі сөйлесіп отыруға, араласатын ортасын толық біліп, бақылауда ұстауға кеңес береді. Одан бөлек, отбасында ынтымақ-бірлік болуын басты назарға алуға шақырады. Ал, егер балаңыз жоғалып немесе бірер сағат болсын еш хабарсыз кетсе, уақыт жоғалтпастан тез арада полицияның «102» телефонына хабарласыңыз.

«Жұмысқа орналастырамын» деп жұрттан ақша жиған алаяқ ұсталды
Түркістан облысының тұрғындары Армениядан әкелінген 260-тан астам автокөлікті тіркеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу