Жолда заң бұзғандар жауапкершілікке тартылды

Oinet.kz 28-08-2020 909

069.jpg

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері "Instagram" қолданушыларының бірінің парақшасында Сарыағаш ауданының жүргізушілерінің жол қозғалысы ережелерін бұзған кезекті бейнежазбаны анықтады. Сарыағаш аудандық Полиция бөлімінің мамандары іздестіру іс-шараларының нәтижесінде Сарыағаш ауданының жол қозғалысын бұзған үш "Ваз-21140", "Ваз-2106" және "Лада 21144" автокөліктерінің жүргізушілерін құрықтады.
Тәртіп сақшылары автокөлік иелерін ҚР ӘҚБтК-нің 595-бабы 2-бөлігі "Маневр жасау ережелерін бұзу" және 603-бабы 1-бөлігі "Көлік құралына арнайы жарық және (немесе) дыбыс сигналдарын беруге арналған құрылғыларды орнату ережелерін бұзу не жедел және арнайы қызметтер автомобильдерінің арнайы түсті-графикалық схемаларын заңсыз салу" бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Тәртіп бұзушылардың көліктерін полиция қызметкерлері айыппұл тұрағына қойды. 
Өз кезегінде, автокөлік иелері, Сарыағаш ауданының тұрғындары Жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін кешірім сұрап, алдағы уақытта мұндай әкімшілік құқықбұзушылықтарды қайталамауға уәде берді.
Түркістан облысының полицейлері жүргізушілер мен басқа да жол қозғалысына қатысушыларға жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажеттігін еске салады. Маневр жасау ережелерін бұзбаңыз, жылдамдықты асырмаңыз, қарсы жолаққа шықпаңыз, арнайы сигналдарды қолданыңыз, сондай-ақ мас күйінде рульге отырыңыз. Жүргізушілер есіңізде болсын, ЖҚЕ сақтаңыз. Бұл сіздің өміріңізді ғана емес, сонымен қатар жолаушылар мен жақындарыңыздың денсаулығын сақтауға көмектеседі.

Полиция есірткі жасырған күдіктіні ұстады
Сарыағаш ауданында «Құқықтық тәртіп» іс-шарасы жүргізілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу