Қазығұрт: Кәсіпкер медицина мекемесіне 5 жасанды тыныс алу аппаратын алып берді

Oinet.kz 12-07-2020 481

image.png

Қазір елдегі пандемия жағдайына байланысты ауруханалар мен ондағы науқастарға қажетті медициналық құрал-саймандардың жетіспеушілігі анық байқалады. Коронавирус дертімен қоса елде пневманиямен ауруханаға түскен науқастардың саны күр өсті. Десе де бұл сәт қаймығатын емес, керісінше қасқайып трып күресуді талап етеді. 

Түркістан облысы Қазығұрт ауданында бүгінде індет жағдайы қалыпты болғанымен, аудан медицинасы кез-келген жағдайға дайын болуы қажет. Мұндай қиын-қыстау сәтте ауданның құрметті азаматтары да қарап қалмай, қолдарынан келгенінше көмек қолын созуда. 

Ауданда жергілікті кәсіпкер Ерлан Досанбаев аудандық орталық ауруханаға 5 дана оттегі концентраторын тарту етті.

«Індеттің таралуына байланысты елдегі ахуал күрделеніп отыр. Науқастар ауруханаға көп келуде. Дәрігерлер күні-түні аянбай еңбек етіп жатыр. Құрылғының мүмкіндігі зор. Енді дәрігерлер емделушілерге оттегі концентраторының көмегімен уақытылы жәрдем көрсете алады» – деген аудандық аурухананың бас дәрігері Б.Ережепов қол ұшын созып жатқан кәсіпкерге өз ризашылығын білдірді.

Түлкібас: Еріктілер ауруханаға оттегі балондарын тарту етті
Түлкібас: Дезинфекциялық жұмыстар күшейтілді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу