«Шымкент жастар лигасының» ширек финалы басталды

Oinet.kz 05-05-2021 461

Screenshot_11.png

Үшінші мегаполисте жастар арасында спортты дамыту мақсатында қала тарихында алғаш рет  «Шымкент жастар лигасы» жобасы бастау алған болатын. Шараның жақында ширек финалы бастау алды. Жоғары деңгейде ұйымдастырылған спорттық жарыс барысында Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аудандық деңгейдегі іріктеу ойындарынан жеңіп ширек финалға жолдама алған команда капитандарымен кездесіп, оларға сәттілік тіледі. 

– Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойы қарсаңында қала әкімі Мұрат Әйтеновтің қолдауымен «Шымкент жастар лигасы» өтіп жатыр. Бұл жоба мектеп оқушыларының спортқа деген ынтасын оятып, қызығушылын арттыруда. Спорттық сайыс биыл өз мәресіне жеткен соң, келер жылы да жалғасады. Жоба жеңімпаздарына 20 миллион теңге қаржылай сыйақы беріледі. Егер оқушыларымыз өз мектептеріне 20 миллион теңге сыйласа – ол оқу орындары үшін үлкен жетістік, - деді Шыңғыс Жұмабекұлы.

Жобаға қаламыздың 140 білім беру мекемесінен футбол, баскетбол, волейбол, шахмат ойындарынан лигалар құрылды. Жалпы баскетбол волейбол ойындарынан ширек финалға 32 команда шықты. Оның ішінде 16 - волейбол, 16 - баскетбол. Ал, футбол және шахмат ойындарының іріктеу кезеңдері өтуде.

«Шымкент жастар лигасы» жобасы – мектеп оқушыларының бос уақытын тиімді өткізуге, спортпен шұғылдану арқылы олардың ерік-жігерін, табандылығын қалыптастыруға және республикалық чемпионаттарға команда жасақтауға мүмкіндік береді.

Бұл жоба ІІ кезеңді қамтиды. І кезең - 1 наурыз бен 1 маусым аралығында жалпы білім беру мекемелерінің арасында футбол, волейбол, баскетбол ойындарынан турнир ұйымдастырылды. ІІ кезең - қыркүйек пен қараша айларында жоғары және орта арнаулы оқу орындарында шахмат ойынынан турнир ұйымдастырылады.

Бұдан бөлек, бүгінгі таңда командалардың ойын кестесі бекітілді. Сонымен қатар, Instagram әлеуметтік желісінде арнайы @shymkent_jastar_league парақшасы іске қосылды. Аталған парақшада тұрақты түрде турнир бойынша ақпарат жариялануда.

Айта кетейік, спорттық ойындар санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сәйкес өткізілуде.


Әкім православ өкілдерін Пасхамен құттықтады
Сайрамдағы мектеп тамызда бітеді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу