Шымкентте «Су ресурстары-Маркетингтің» кейбір нысандары мемлекетке қайтарылды

Oinet.kz 20-03-2026

Шымкент қаласында сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қатысты маңызды сот ісі әкімдік пайдасына шешілді. Нәтижесінде «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-нің қарамағындағы стратегиялық нысандар мемлекет меншігіне қайтарылды.

image.png

Қалалық сот бұл нысандарды мемлекетке беру туралы шешім шығарып, оны апелляциялық саты да өзгеріссіз қалдырды. Осылайша, серіктестіктің шағымы қанағаттандырылмады.

Әкімдік мәліметінше, бұл жұмыс коммуналдық инфрақұрылымды басқаруды заң талаптарына сәйкестендіру мақсатында кезең-кезеңімен жүргізіліп жатыр. Аталған шаралар экономиканы монополиядан арылту жөніндегі үкіметтік комиссия шешімдерін іске асыру аясында қолға алынған.

Негізгі мақсат — тіршілікті қамтамасыз ету саласында ашықтықты арттыру, заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету және тұрғындардың құқықтарын қорғау.

Даудың негізі — «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-не тиесілі нысандарды жекеменшік басқаруға беру кезінде заңдылықтың сақталуын тексеру болды. Тексеру барысында жекешелендіру рәсімінде заң бұзушылықтар анықталған.

Осыған байланысты әкімдік сотқа жүгініп, 2025 жылы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сот жекешелендіру келісімін жарамсыз деп таныды. Сот шешіміне сәйкес, нысандар мемлекет меншігіне қайтарылды.

Серіктестік бұл шешіммен келіспей, апелляциялық шағым түсіргенімен, сот алқасы бірінші инстанцияның шешімін күшінде қалдырды.

Осылайша, стратегиялық маңызы бар коммуналдық нысандар қайтадан мемлекет бақылауына өтті.

Бұған дейін қала әкімі Ғабит Сыздықбеков те аталған мекемені мемлекет меншігіне қайтару мәселесіне қатысты пікір білдірген болатын.

«Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы»: Хабарландыру 6
Депутат: Мас күйінде ұсталған жүргізушілерге рақымшылық жасауға болмайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу