Депутат: Мас күйінде ұсталған жүргізушілерге рақымшылық жасауға болмайды

Oinet.kz 20-03-2026

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға әкімшілік рақымшылық жасау бастамасына қатысты өз ұстанымын білдіріп, бұл қадамның қауіпті екенін айтты, деп жазады Оinet.kz.

image.png

Оның айтуынша, бұл бастама қоғамда түрлі көзқарас тудырып отырған «екіұшты мәселе».

Депутат бір жағынан, куәлігінен айырылған кей азаматтар өздерін негізсіз жазаға тартылды деп санайтынын атап өтті. Алайда ол мұндай жағдайда ең бастысы – қоғамдық қауіпсіздік екенін еске салды.

— Бұл жерде көлік туралы айтып отырмыз. Куәлігінен айырылғандардың басым бөлігі мас күйінде рөлге отырғаны үшін жазаланған. Ал сіздің жақындарыңыз жаяу жүргінші болуы мүмкін. Мұндай жүргізушілердің қайтадан жолға шығуы үлкен қауіп тудырады, – деді ол.

Бақытжан Базарбектің пікірінше, мұндай қадам ауыр салдарға әкелуі ықтимал, сондықтан оған сақтықпен қарау қажет.

Сонымен қатар депутат қазіргі уақытта бұл мәселе жан-жақты талданып жатқанын жеткізді. Дегенмен, әкімшілік рақымшылық аясында жүргізуші куәлігінен айырылған азаматтарға жеңілдік беріледі деп нақты айту қиын екенін айтты.

— Менің жеке ұстанымым – мен қарсымын. Мұндай азаматтардың саны көп болса да, бұл бастаманы қолдамаймын, – деп түйіндеді ол.

Шымкентте «Су ресурстары-Маркетингтің» кейбір нысандары мемлекетке қайтарылды
Талғардағы трагедия қайталана жаздады. Арыста бір топ жігіт дүкен сатушысы мен інісін ұрып кеткен
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу