98 миллион теңгенің уылдырығын шекарадан алып өтпек болған азамат ұсталды

Oinet.kz 06-11-2019 797

Картинки по запросу уылдырық

Қазақстан Республикасының азаматы Ақтөбе облысындағы "Жайсаң" автомобильдік өткізу бекетінде 400 келі қара уылдырықты шекарадан заңсыз алып өтпек болған күдікті ұсталды, деп хабарлайды OINET.KZ сайтына сілтеме жасаған «Хабар 24».

Шекарашылар "Даф" маркалы көлігін тексеру кезінде ілеспе құжаты жоқ бағалы тауарды тапқан. Күдікті Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексіне сай "экономикалық контробанда" бабы бойынша жауапқа тартылады. 

Ақтөбе Мәскеу бағытында жол жүріп бара жатқан автокөлікте шамамен ұсталған осетр балығының қара уылдырығы 98 миллион теңгені құрайды, - деді ҚР ҰҚК 2030 әскери бөлімінің штаб бастығының орынбасары Бексилам Әбуов.

Этникалық қазақтарға арнайы куәліктер шығарылады
Әлемдегі ең бай адам анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу