Желтоқсандағы мерекелік күндерде 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар шығады

Oinet.kz 25-11-2019 851

Желтоқсандағы мерекелік күндерде 4 бағыт бойынша қосымша пойыздар шығады.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ желтоқсандағы мерекелік күндерде (Тұңғыш президент күні, ҚР Тәуелсіздік Күні, Жаңа жыл) 4 бағыт бойынша қосымша пойыздардың тағайындалуы туралы хабарлайды.

пойыздар.jpg

Атап айтқанда:

"Алматы-2 – Шымкент" бағыты бойынша 12 рейс Алматы-2 ден 28 қараша күні, желтоқсан айының 2, 5, 9, 12, 16, 19, 23, 26, 30 күндері  және 2020 жылдың 2, 6 қаңтар күндері шықса, сәйкесінше Шымкент қаласынан 29 қараша, 3, 6, 10, 13, 17, 20, 24, 27, 31 желтоқсан және 3, 7 қантар күндері кері бағытта шығады.

"Алматы-2 – Түркістан" бағыты бойынша 4 рейс Алматы-2 –ден 28 қараша және 5, 17, 24 желтоқсан күндері, ал Түркістаннан сәйкесінше 29 қараша және 6, 18, 25 желтоқсан күндері кері бағытта жүреді.

"Маңғыстау-Бейнеу" бағыты бойынша күн ара Маңғыстаудан 2019 жылдың 28 қарашасынан бастап 2020 жылдың 6 қаңтарына дейін жұп күндері, ал Бейнеуден 2019 жылдың 29 қарашасынан бастап 2020 жылдың 7 қаңтарына дейін тақ күндері жүреді. 

"Нұр-сұлтан-Шу" бағыты бойынша "Тұлпар-Тальго" вагондарымен жасақталған 2 рейс 2019 жылдың 31 желтоқсаны мен 2020 жылдың 2 қаңтарында жүреді.

Сондай-ақ, №712/711 "Нұр-сұлтан-Нұрлы жол – Шымкент" коммерциялық пойызы биылғы жылдың 8 желтоқсанынан бастап күн сайын қатынайтын болады.

Ұлттық тасымалдаушы барлық сұрақтар бойынша бірыңғай анықтама қызметі "105" нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды (стационарлық телефоннан қоңырау тегін).

Қостанайда алименттен қашқандардың суреті көшелерге ілінбек
Қазақстандықтар желтоқсан айында қанша күн демалатыны белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу