Елбасы жайлы кітаптар жарық көрді ​

Oinet.kz 07-02-2020

Елордада Тұңғыш Пре­зи­дент – Елбасы Н.Назарбаев­тың идеялары мен жаһандық бас­тамалары жайлы кітап­тар­­­дың тұсаукесері өтті. Ел­ба­­сы кітапханасында ұйым­­дас­тырылған айтулы ша­­раға Қа­­зақстанның алғаш­қы Сыртқы істер министрі Тө­леу­­тай Сүлейменов, Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаты Қуа­­ныш Сұлтанов, Елбасы кі­тап­­ханасының директоры Әмірхан Рахымжанов пен ел тәуелсіздігінің қалыптасуына үлес қосқан өзге де мемлекет қайраткерлері, профессор­лар қатысты, деп хабарлайды Oinet.kz сайты Aykin.kz порталына сілтеме жасап.

elbasy-kitaby-750x375.jpg

Жинаққа Елбасының мем­ле­кеттілікті құру мен жан-жақ­ты нығайтудағы, көпұлтты Қа­зақ­­стан халқын біріктірудегі, ру­хани қоғамды жасақтап, әлем­дегі жетекші алпауыттармен серік­тес­тікті дамытудағы көпқырлы саяси қызметі мен бірегей тәжірибелері енгізілген.

– Елбасының елеулі еңбегін кі­тап етіп басып, келешекке мұра ре­тінде қалдыру – өте дұ­рыс ше­шім. Ел жастарының бо­йын­да мемлекетшілдікті қалып­тас­тырып, тарихымызды ұрпақ жа­ды­на сіңіру – біз үшін парыз. Бай­­тақ, әсем елордамыздың аз уа­­қытта қалай бой көтергенін, даму жолындағы қаншама сая­си қадамдарды бүгінгі жас буын біл­гені абзал. Тәуелсіз ел атанып қана қоймай, Отанымыздың ғұ­­мырын баянды еткен Елба­сы­ның даңғыл жолын қағазға түсіріп, насихаттап жатқанымыз бекер емес. Жұрт үшін туған тұлғаларымызды ұмыт­пауымыз қажет, – деген Пар­ла­мент Мәжілісінің депутаты Қуа­­ныш Сұлтанов кітаптың ма­ңыз­­дылығына тоқталды.

Жинақтың алғашқысы «Нұр­сұлтан Назарбаев: көш­бас­­­­шылық стратегиясы» атты екі бөлімнен тұратын құн­ды кі­тап. Елбасының мем­ле­кет тіз­гінін ұстап, Қазақ­с­тан Ком­пар­тиясының Бі­­­­рін­ші хатшысы болып та­ға­йын­­­­далғаннан бастап, 30 жыл ішін­де ел іргесін бекемдеп, эконо­ми­калық-саяси тұрғыдан өсіп-өр­­кендеуіне қосқан өлшеусіз үле­сін, әлем қауымдастығын мойын­да­ту­­дағы тарихи рөлін кеңінен баян­дайды.

«Біз білетін Елбасы» үш кі­тап­тан тұрады. Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында егеменді жас мемлекетті дамытудың жаңа жолы мен үлгісін іздеген тұста Тұң­ғыш Президенттің жаны­нан табылған, одан кейін бейбіт елдің бақытына куә болған, қолдау көр­сет­кен Елбасы заман­дас­тары­ның естеліктер жинағы.

«Н.Назарбаевтың еуразиялық бастамалары: тарихы, қазіргі жағ­дайы және болашағы» Елба­сы кітапханасының ғылы­ми бағ­дарламасын жүзеге асы­ру ая­сында дайындалған. Жи­нақ еуразиялық интеграция идея­сы­ның 25 жылдығына және Еура­зия­лық Экономикалық Одақ ту­ра­лы шартқа қол қойылуының 5 жыл­дығына арналған.

«Ядролық қарусыз әлемге бет­бұрыс: Елбасы бастамалары» – Тұңғыш Президенттің бітімгерлік бастамаларына және оның барша адамзаттың мүддесі үшін ядролық қарудан азат әлемді құру жөніндегі саясатына арналған жинақ.

«Мәңгілік Ел» идеясы: кеше, бүгін, ертең» – Елбасы кі­тап­ха­насының бастамасымен жа­рық­қа шыққан ұжымдық монография. Кітапта халықтың әл-ауқаты мен оның жарқын болашағын ой­лай­тын, қазақстандық қоғам­ның жаңа моделінің негізін қа­лау­шы ретіндегі Елбасы рөлі айқын­да­лады.

Кітаптың тұсаукесерінен соң мемлекет қайраткерлері Елбасы жайлы естеліктерімен бөлісіп, маңызды жинақты келешек ұр­пақ­қа елдік жолын жеткізер ба­ға­лы мұралар қатарына қосты.

Казнетте 100 мың теңгеге бағаланған баланың кім екені белгілі болады
Айтыскер ақындардың рейтингі жарияланады

Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×