Өз бизнесін «шала» орысша жарнамалаған жігіт, күлкіге қалды

Oinet.kz 17-02-2020 3435

"Жылайте, по аднаму званку..." Кәсібін жарнамалау мақсатында желіге шала орысша бейнежазбасын жүктеген қазақ жігіт жұрттың күлкісін келтірді.

Десе де, жігіттің барын салып, өз ісін жарнамалап жатқанына риза жандар да жоқ емес.

Көлік кәсібімен айналысатын Шыңғыс Елемес желіге жүктеген видеосының хит болатынын ойламаған да. Алайда көп ұзамай бұл бейнежазба 2 миллион қаралым жинап, өзі атақты болған. Ал 19 жасар жігітті атақты еткен оның "шала" орысшасы. Бірнеше рет қайта жазылған жазбаның, соңғы үлгісін жүктеген ол өзінің орысшасы жақсарып қалды деп те ойлапты.

Ел күлгенімен, жас жігіттің өз ісіне ынта-шынтасымен осылай кірісіп кеткеніне дән риза.

"Жылайте по однаму званку даставили ваш груз или тавар по пункту назначение, кампания Транском фреставляат кашественный и логистишеский сирвис и машина..." деп қамшы салдыртпай заулайды ол мына видеода.

17 ақпанда әлем тарихында қандай оқиғалар болған?
Еңбек вице-министрі қызметінен босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу