Қордайдағы жанжал: үш дүнген жігіті қамауға алынды

Oinet.kz 18-02-2020 919

Қордай ауданында орын алған оқиға кезінде полиция қызметкерлеріне қол көтерген үш дүнген жігіті қамауға алынды. Қазіргі таңда, тергеу жұмыстары аяқталып,кінәлілер тиісті жазасын алды, деп хабарлайды Baq.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

140470.jpg

2020 жылы 7 ақпанда Жамбыл облысы Қордай ауданы Сортөбе аулында жол полициясы қызметкерлері  патрульдеу кезінде Л.Воингуй отырған "Хонда Одиссей" автокөлігін тоқтатқан. 

Көлікке арналған құжаттары болмағандықтан, Л.Воингуйға полиция бөліміне бару ұсынылған. Алайда, ол офицерлердің талаптарын орындамай, үйіне қарай бет алған және кейіннен ағалары А. Воингуй және М. Воингуймен бірлесіп полиция қызметкерлеріне қарсы зорлық-зомбылық жасаған, - делінген хабарламада. 

Осы оқиғаның видеосы бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде таратылған болатын.

Аталған факті бойынша Бас прокуратураның арнайы прокуроры Қылмыстық кодекстің 380-бабының 1-бөлігі ("Билік өкіліне қатысты күш қолдану") бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізді. Үш айыпталушы өз кінәларын толық мойындап, тергеу сотының санкциясымен қамауға алынды, - делінген ведомство таратқан хабарламада.

 Ағымдағы жылдың 14 ақпаны күні қылмыстық іс айыптау актісімен Қордай аудандық сотына жолданды.

Қытайда ақшаны жою туралы шешім қабылданды
Үкімет электрондық сауданы дамыту мәселелерін талқылады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу