Қолына папка ұстаған алаяқтардан сақ болыңыздар

Oinet.kz 26-02-2020 759

5e45000a15f76176106014.jpg

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде алаяқтықтың жаңа бір түрі пайда болғаны туралы ақпарат таралуда. Қолдарына папка ұстаған, куәліктері бар, ақ жейдедегі жастар өздерінің әкімдіктен екендіктерін және халық санағын жүргізіп жүргендерін хабарлай отырып, үйлерді аралауда.

Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті (бұдан әрі -Комитет) қалың жұртшылық пен тұрғындарға ақпарат беру мақсатында мұндай «сілтемелердің» шындыққа жанаспайтынын және халық санағын өткізуге ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде хабарлайды.

Сонымен бірге Үкіметтің 2019 жылғы 19 маусымдағы № 419 қаулылысына сәйкес 2020 жылғы 1 мен 30 қазан аралығында Қазақстан Республикасының ұлттық халық санағын өткізу туралы шешім қабылданғанын қосымша хабарлаймыз.

2020 жылғы Қазақстан Республикасы Ұлттық санағының интервьюерлері үйлерді мынадай кезеңдерде аралайды:

1) 1 мен 30 маусым аралығында өткізілетін дайындық кезеңінде, бұл кезеңнің интервьюерлері тұрғын үйлер мен тұрғын емес үй-жайларды, құрылыстарды, ондағы тұратын тұрғындардың нақты санын анықтау мақсатында әрбір елді мекенді аралап шығады.

2) Негізгі кезеңде 1 мен 30 қазан аралығында тікелей халық санағы өткізілетін болады. Қосымша 31 қазан мен 7 қараша аралығында бақылап аралау жүргізіледі.

Сондай-ақ интервьюерде тиісті куәлік, 2020 жылғы халық санағының логотипі бар көк түсті портфель, көк түсті шарф болатынын хабарлаймыз.


Евро-2020 чемпионаты өтпей қалуы мүмкін
Таразда ұстаздың жолдаған бейнеүндеуінен кейін мектеп директоры қызметінен босатылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу