Ақтөбеде мәжбүрлеп емдеу орталығының науқастары аштық жариялады

Oinet.kz 02-03-2020 954

Ақтөбеде есірткі мен ішімдікке салынғандарды мәжбүрлеп емдеу орталығының науқастары шу шығарды. Олар жаңадан келген күзет қызметінен қысым көріп отырғандарын айтып, тамақ ішуден бас тартқан, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталына сілтеме берген Oinet.kz. 

60124258-98e3-41ac-8bfa-27dc32e837ce.jpg

Орталықтың бас дәрігері де науқастардың аштық жариялағанын жоққа шығармайды.

- "Кеше 1 наурыздан бастап, жаңа күзет мекемесі келіп, өз міндеттеріне кірісті. Күзет қызметі мен науқастар арасында түсініспеушілік болған. Ойнап отырған карталарын тартып алған. Қолдан жасалған үшкір заттарын алған. Осыған науқастар қырсығып, бүгін аштық жариялап отыр. Түскі ас ішкен жоқ. 60-70 адам тамақтан бас тартты", - дейді емдеу орталығының бас дәрігері Қыдырбек Әбішев.

Ал күзет қызметі біз талапты ғана орындадық деп отыр.

- "Біздің алғашқы жұмыс күніміз кеше басталды. Қабылдап алдық. Науқастармен сөйлестік, таныстық. Ешкімге қол көтерген жоқпыз. 15-20 дана қолдан жасалған пышақ тәркіленді. Себебі, жабық емдеу мекемесі болғандықтан, емделушілерге үшкір зат пайдалануға болмайды. Кезекшілікке тамақ ішкенде пайдаланатын 2-3 пышақты ғана қалдырдық. Егер шындығын айтсақ, біз келген уақытта барлығы да мас күйінде болды. Ішімдіктің ішке қалай кіргізілгені белгісіз. Қазіргі уақытта тамақтары уақытылы берілді. Өздері алмай, ішпей отыр. Біз тек медбике шақырған кезде ғана барамыз. Дәрі ектірмей, қарсылық танытатындар бар",- дейді аға күзет қызметінен Ақәділ Қодықов.

Орталықтағы науқастардың дені сот шешімімен 6 айдан 3 жылға дейін мәжбүрлеп емдеуге жатқызылғандар. Қазір мұнда 138 науқас бар. Оның 11-і әйел адам.

Елбасы Сағынтаевты қабылдады
Қазақстандық 18 азамат Ташкентте карантинге жабылды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу