Испаниялық саясаткер коронавирусты "қытайлық" деп атамауға шақырды

Oinet.kz 20-03-2020 1258

Испаниялық дипломат Жозеп Боррель әлемге тарауына байланысты жаһандық қатер тудырған жаңа коронавирусты "қытайлық" деп атамауға шақырды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлайды.

image.png

Мәселен, COVID-19 инфекциясын АҚШ президенті Дональд Трамп вирус аспан асты елінде тарағанын нгізге ала отырып, "қытайлық" деп атайды. Сондықтан, америкалық БАҚ өкілдері көшбасшыны расимзге кінәлап отыр.

"Вирус ұлтқа бөлінбейді. Олардың шекарада жұмысы жоқ. COVID-19 қытайлық вирус емес, сол сияқты испан тұмауы да испаниялық емес. Біз жаһандық серіктестікті қажет ететін ауқымды қауіпке кездесіп отырмыз. Сол үшін барлығымыз іске кірістік", - деп жазды Боррель Twitter парақшасында.

Айта кетейік, Қазақстандағы коронавирустық жағдайға байланысты соңғы деректер белгілі болды. Енді инфекция тіркелген қалалар тізімінде Алматы мен Нұр-Сұлтаннан бөлек Қарағанды қаласы да бар.

20 наурыздағы соңғы деректерге сәйкес, елімізде тағы 5 коронавирус жұқтыру дерегі тіркелген. Оның үшеуі Алматыда, екеуі Қарағанды қаласында.

Осылайша, қазіргі таңда елімізде COVID-19 инфекциясын жұқтырғандар саны 49-ға жетті. Оның 22-і Алматы қаласында, 25-і Нұр-Сұлтанда, тағы екеуі Қарағанды қаласында.

Ақша айырбастау пунктерінде доллар 460 теңгеден сатылып жатыр
Коронавирус инфекциясына халықты шұғыл тестілеу мерзімі аталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу