Сағынтаев: «1 адам жүз адамға жұқтыра алады» (видео)

Oinet.kz 31-03-2020 1367

Алматыда коронавирусқа байланысты әлеуметтік ролик түсірілді. Видеода вирустың әртүрлі затта қанша уақыт сақталатыны, адамға қалай тез жұғатыны көрсетілген, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ. 

b7b93450-1530-49a8-889e-6915b6c341c4.jpg

Видеодан кадр Аталмыш роликті Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында жариялады. 

- "Қаладағы жұқтыруды бірлесіп қана тоқтата аламыз. Қатаң тәртіп пен жауапкершілік. Туған-туыстарыңызбен жақындарыңыз үшін үйде болыңыз", - деп жазды мегаполис басшысы. 

Кадрларда жас жігіттің коронавирусқа байланысты қабылданған карантин режимі туралы жаңалыққа құлақ аспай, сыртқа шығып кеткені бейнеленген. Осыдан кейінгі кадрларда вирустың қалай адамнан адамға оңай әрі тез жұғатыны көрсетіледі. 

Еске сала кетейік, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны артты. Соңғы деректерге сәйкес, инфекция жұқтырғандар саны 336 адамға жеткен. Сондай-ақ бұған дейін коронавирустан екінші қазақстандық азаматтың көз жұмғаны хабарланды. 50 жастағы науқас 2020 жылдың 21 наурызында жедел медициналық жәрдем бригадасымен ауруханаға жеткізілген. Бір ай бойы ауырған ол медициналық көмекке жүгінбеген. Кейін елордалық дәрігердер марқұмның қазасына қатысты мән-жайды айтты. Ақ халаттылардың мәліметінше, ер адамның өліміне бойындағы аурулар да әсер еткен. 

Қызылорда облысында вирус жұқтырғандармен байланыста болған 388 адам анықталды
Шымкент қаласында шектеу шараларын енгізу туралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу