Бір жасар сәби коронавирустан емделіп шықты

Oinet.kz 05-04-2020 1693

Алматыда қазіргі уақытта инфекциялық стационардан COVID-19 анықталған 3 пациент емделіп шықты. Бұл туралы Aikyn.kz хабарлайды. 

Screenshot_10.jpg

«Олардың біреуі кеше, 31 наурыз күні кешке ауруханадан шыққан еді. Олар – қалалық клиникалық инфекциялық ауруханада ем қабылдаған бір бала мен екі ересек адам. Ауруханадан шығарылған пациенттер 14 күндік үй жағдайындағы карантинде болады», – деп баяндады Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Тілеухан Әбілдаев.

Екі науқас та 13 наурызда Берлин-Минск-Алматы чартерлік рейсімен келген. Еске сала кетейік, олар келген кезде шектеу енгізіліп, жаңа алгорит мен Қаулы іске асырыла бастаған.

Экипажды қосқанда, 12 адамнан тұратын бүкіл борт оқшауланып, карантинге жабылды, инфекциялық стационарға жатқызылды, зертханалық зерттеу үшін анализдер алынды. Жеті адамнан диагноз расталған. Үшінші пациент – бұған дейін анықталған науқаспен байланыста болған адам.

Айта кетейік, осы кезге дейін Алматыда коронавирустан жазылған 10 адам ауруханадан шығарылды.

Димаш Құдайберген 102 отбасыға 5 тонна азық-түлік жіберді
3 апта ішінде аурухана салмақ болған BI Group сотқа шағым түсірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу