Шымкенттегі танымал фитнес клубта бес жасар бала бассейнге батып кетті

Oinet.kz 30-01-2023 737

Шымкенттегі фитнес-клубтардың бірінде қараусыз қалған бала бассейнге батып кетті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі Otyrar.kz басылымына сілтеме жасап. 

Screenshot_6.jpg

2018 жылы туған баланың өлімі туралы полиция департаменті мәлімдеді. 

"29 қаңтарда 17:25-те жедел медицина қызметінен Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаменті дағдарыс жағдайлары басқармасына балаларға арналған бассейнге 2018 жылы туған баланың батып кеткені туралы ақпарат түскен. Қайғыы жағдай KASIET фитнес-клубында болған", – делінген хабарламада. 

Полиция мәліметінше қараусыз қалған бала тереңдігі 1,2 метр болатын бассейнге батып кеткен. Қазір оқиғанфң мән-жайы анықталып жатыр. Сот-медициналық сараптамасы тағайындалды. 

Доллар тағы арзандады: 30 қаңтарға арналған валюта бағамы
Түркістан облысында 6 тәулікте шетелдік 400-ге тарта көлік қазақстандық нөмір алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу