Әйел төрт жыл бойы жүкті екенін білмеген

Oinet.kz 14-04-2020 1180

АҚШ-тың қырық жастағы тұрғыны Сара Холлидейге қарап, оның жүкті екенін аңғаруға болады. Алайда оның мұндай қарынмен жүргеніне осымен үш жарым жылдан асыпты. Дәрігерлер бұл жағдайдың артында үлкен қауіп жатқандығын әйелге ескертіпті. Десек те Сараның өзі "жүктілігім тек ұзаққа созылып кетті, жақын арада сәби босанамын" деген ойы бар көрінеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

image.png

2016 жылы өзінің ана атанатынын естіген Сараның қуанышы қойнына сыймаған көрінеді. Десек қуанышты хабардың арты дәрігерлердің үрейіне ұласқан. Жатырда жатқан баланың жүрек қағысы естілуі керек болған, бірақ мамандар оны байқай алмапты. Десек те Сараның қарны ұлғаюының тоқтатпаған. Айтуынша, оның жүктілігі "тылсым" күйде өтуде екен. 

- "Окушер маман мені дереу тексеріске жіберді. Сөзінше, сәби шетінеп кеткен. Алайда дәрігерлер баламның түсіп қалғанын не бар екендігін де дәлелдей алмады. Сөйтіп мені ауруханадан шығарды", - дейді Сара Холлидей. 

Өзіне не болғанын түсінбей дал болған Сара қайырымдылық қорының адамдарымен танысыпты. Олар әйелдің жүктілігі баяу қарқынмен жүріп жатқандығын айтқан. 

Алайда дәрігерлер британдық азаматшаның сау сәби босанатынан күмәнмен қарайды.

- "Бұл медицинада дәлелденген құбылыс. Фантомды жүктілік кезінде әйел баланы өлі күйінде босануы мүмкін. Немесе одан да қорқыныштысы әйел патологиялық ауруға шалдығуы мүмкін", - дейді гинеколог маман.

Десек те тоғыз рет сәбиі шетінеп кеткен Сара өзінің күйеуімен бірге нәресте сүйетініне сенімді. 

- "Мен өзімнің баламды тезірек қолыма алсам екен деймін. Оны аман-есен босанған соң бар көрген тауқыметімді айтып беремін. Алғашында күйеуім маған сенбей қойды. Бірақ қазір біз баламды бірге күтудеміз", - дейді ол.

Сөзіне дәлел ретін Сара ішінің уақыт өте келе өскен суреттерімен сараптама қорытындыларын көрсетеді. Сөзінше, бала әлі тірі, тек оның жетілуінде біраз баяулық бар.

Карантин: Елордалық бүлдіршін терезеден секіріп мерт болды
ANTIKOR.LIVE: Бюджет ашықтығы – қоғамдық мониторингтің құралы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу