Болат Назарбаев: «Тойда жас қыздар маған жабысып суретке түседі»

Oinet.kz 17-04-2020 2776

Болат Назарбаев Гүлмира Нәлібайға берген сұхбатында балалық шағы, туған жері, әйелі мен елбасы жайлы әңгімелеген еді. Енді өзі туралы айтылып жүрген жел сөздерге түсініктеме берді, деп жазыпты stan.kz.

image.png

- "Бір тойларға барсам, бәрі менімен суретке түсуге тырысады. Жас қыздармен түскен суретті көргендер небір әңгімелерді шығарып алады. Мына қызбен үйленеді екен деген сияқты. Желіде жазылған пікірлердің бәрін оқи бермеймін. Олардың бәріне қақпақ бола алмайсың. Сондықтан оқымаймын. Кейде мен туралы айтылмай қалса, мені ұмытып кетті деп әзілдеймін", - деді ол.

Болат Назарбаев көпшілікпен әзілдесіп жүретінін айтады. Тойларда көңілі жоқ болса да, өзгенің көңілін көтеріп жүремін дейді.

- "Елге ренжімеймін. Әркімнің сана-сезімі әртүрлі. Бәрін Алла көріп тұр. Ақиқатты Алла біледі. Бәріне ұзақ ғұмыр, бақыт тілеймін. Халқымыз, Елбасымыз аман болсын", - деді Болат Назарбаев.

Психологиялық тест: «Қолшатырдың бірін таңдаңыз!»
Алматыда коронавирус жұқтырған әйел босанды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу