Әнші Арман Қоңырбаев Төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін жазаланды

Oinet.kz 18-04-2020 1057

Алматыда Арман Қоңырбаевқа төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін айыппұл салынды. Арман Қоңырбаев - қазақстандық әнші (Mysterions тобының солисі), Аша Матайдың күйеуі. Ол түнде Абай даңғылында орналасқан лаундж-бардың бірінде болған, деп хабарлайды Stan.kz порталына сілтеме жасап Oinet.kz сайты.news_full15871393817d47bf6ca444adb6048118317eabc26d.jpg

Жедел іс-шаралардың нәтижесінде бұл ойын-сауық мекемесі елде енгізілген төтенше жағдайға қарамастан жұмыс істейтіні анықталды.

«Бұл мекеменің есіктері айқара ашық болмаса да, тек сенімді клиенттерді ішке кіргізіп отырған. Олардың қатарында А. Қоңырбаев та болды, ол ТЖ-ні бұзғанын мойындаған. Қабылданған шаралардың нәтижелері бойынша 10 адам ҚР ҚҚ ӘҚБ-тің 476-бабы бойынша құқық бұзушылық негізінде әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде мекеме иесі - гр. Жүсіпов Д., 1992 жылғы Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының шешімімен гр. Қоңырбаевқа 10 АЕК (27 778 теңге) айыппұл салынды.

Тағы екі адамға 10 АЕК айыппұл салынды. Қалғандары 5-тен 15 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алынды», - деді Алматы полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Нұрлан Алмасбеков. 

Аша Матаймен отбасын құрған әншінің бүгінде екі қызы бар. Жұлдызды жұп қантарда тағы да ата-ана атанды. 

Білім вице-министрі оқушылардан кешірім сұрады
«Полиция қызметкері жыныстық қатынасқа түсуді өтінді»: Жағдай Нұр-Сұлтан қаласының ПД-де түсіндірілд
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу