Шымкентте коронавирус жұқтырғандар көбейді

Oinet.kz 20-04-2020 729

1585065251_news_b.jpeg

Соңғы тәуліктерде Шымкентте коронавирус індетін жұқтырғандардың саны күрт көбейді. Бұған дейін қалада бірден 11 науқас тіркелсе, кешегі күні оған 5 науқас қосылған еді. Ал бүгін "COVID-19" инфекциясын жұқтырған  тағы 9 жағдай анықталып отыр. 

Ауру жұқтырған үш науқас 1990 жылы туған, қалғандары  1983, 1987, 1931, 2010, 1959 және 2014 жылғы Шымкент қаласының тұрғындары. Олар коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынама алынған.  ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19  диагнозы нақтыланды.

-Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде. Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда. Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде,-делінген қалалық әкімдіктің таратқан мәліметінде. 

 20 сәуірдегі жағдай бойынша Шымкентте COVID-19 коронавирустық инфекцияға шалдыққан 80  адам анықталды. 


«Әйелі мен екі қызын тірідей өртеген»: БҚО-дағы сұмдық қылмыстың беті ашылды (фото)
«42500 теңге бермеді, есесіне Трамп көмекке келді»: Бұрын АҚШ-та тұрған жерлесіміздің шотына $1200 т
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу