Бес жасар қыз коронавирустың сирек кездесетін асқынуынан көз жұмды

Oinet.kz 21-04-2020 1187

Американың Мичиган штаты Детройт қаласында бес жасар қыз коронавирус инфекциясының сирек кездесетін асқынуынан қайтыс болды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Lenta.ru-ға сілтеме жасап.

image.png

Наурыздың соңында Скайлер Херберт басының қатты ауыратынын айтып шағымданған, оған ауруды басатын дәрі-дәрмектер де көмектеспеген. Сөйтіп, 23 наурызда ата-анасы қызды дәрігерге көрсетті. 

Мамандар оған ангинаға қарсы антибиотиктер жазып беріп, үйіне қайтарған. Алайда одан қыздың жағайы жақсармады, біршама уақыттан кейін қайтадан аурухарнаға жеткізілді. Бұл жолы Скайлерден COVID-19 анықталды. Бірақ вирустан тез айығып, көп ұзамай ауруханадан шығарылды. 

Өкінішке орай, алты сағаттан кейін қыздың жағдайы қайтадан нашарлаған: басы ауырып, дене қызуы 37,8 градусқа көтерілген, жүрегі айнып, эпилептикалық ұстамаға ұшыраған. Анықталғандай, коронавирус менингоэнцефалиттің дамуына – мидың қабынуына әсер еткен. 

Скайлер Херберт екі апта бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып тұрған. Жағдайы жақсармағаннан кейін дәрігерлер мидың өлгенін болжады. 19 сәуірде қыздың ата-анасы оны аппараттан ажыратуға шешім қабылдады. 

Мүфтият пітір садақаны онлайн аудару туралы ақпарат берді
Нұр-Сұлтан тұрғыны полицейді теуіп, әскери қызметшінің құлағын тістеп алды (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу