«Шектен шықты»: Нұр-Сұлтан полициясы желіде тараған видеоға пікір білдірді

Oinet.kz 22-04-2020 938

Әлеуметтік желіде бірнеше тәртіп сақшысының ер адамды күшпен ұстаған сәті тарады. Осыған байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті пікір білдірген деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ порталы. 

image.png

Видео Instagram әлеуметтік желісіндегі astanovka98 тобында жарық көрді. Жазбада ер азамат пен әйелдің алкогольдік сусын пайдаланғаны айтылған. 

Осы оқиғаға байланысты Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаменті пікір білдірді. Ведомсто мәліметінше, келеңсіз жағдай Байқоңыр ауданында 19 сәуір күні орын алған. Кезекшілік кезінде тәртіп сақшыларынан әйел адам көршілерінің аулада алкогольді сусын ішіп отырғанын, ел-жұрттың мазасын алғанын айтып, арызданған. 

Оқиға орнына жеткен полицей мен бірнеше әскери қызметкер жеті ер азамат пен үш әйелдің "тойлатып" отырғанын анықтады. 

Ведомство олардың барлығы тәртіпті бұзып қана қоймай, құқық қорғау саласының мамандарына агрессивті жауап бергенін жеткізген. 

Заңға бағынбағандардың арасында ішімдік пайдаланған 28 жастағы астаналық полиция қызметкеріне шабуыл жасап, оның формасын жыртқан. Қалған оқиға қатысушыларының да "қарап тұрмай", құқық қорғау саласының мамандарына тіл тигізіп, тас лақтырғаны белгілі болған. 

Нәтижесінде оқиға орнына полицияның қосымша жасағы келіп, бұзақылардың барлығын бөлімге жеткізген. 

Ол жерде тәртіп сақшысына қол көтерген ер адамның бұрын сотталғаны анықталды. Ведомство мәліметінше, бұзақы мемлекеттік шенеунікке қарсы күш қолданғаны үшін жауапқа тартылған. Қазір ол қамауда отыр. Ал қалған қатысушылар әкімшілік жауапкершілікке тартылатыны айтылды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Полицейские задержали двух, предположительно нетрезвых, нарушителей карантина. Задержание произошло недалеко от остановки «Шапагат». На кадрах видео видно как мужчине, лежащему на земле, скрутили руки за спину. С ним женщина, оказывающая сопротивление сотрудникам полиции. ⠀ Видео от подписчика.

Публикация от A98 / Новости Астаны (@astanovka98)

Біртанов елімізде карантиннің қашанға дейін созылатынын айтты
Кеше қызметінен кеткен вице-министр коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу