Жандарбек Бекшин: «Алматыда коронавирустың тәуліктік өсімі төмендеуі мүмкін»

Oinet.kz 28-04-2020 1010

Алматыда өткен онлайн брифинг барысында қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин коронавирус инфекциясының тәуліктік өсімі төмендеп келе жатқанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

image.png

- «20 сәуірде тәуліктік өсім - 15,6% болса, сенбі күні - 2,2% болған. Соңғы 8 күнде тәуліктегі өсім 6,6 % болып тұр. Жақын арада жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік туады. Күнделікті өсімді барынша төмендетуге тырысамыз», - деді Жандарбек Бекшин. 

Оның айтуынша, қазір қалада 41 мың адам ПТР тестілеуден өткен. 21 мың адам экспресс тестілеуден өтті. Ауырғандардың 90%-ы науқастармен байланыста болған. Мұның алдында қаланың бас санитар дәрігері карантин кезінде аулада балаларды ойнату ережесін таныстырған болатын.

Қазақстанда бір науқасты коронавирустан емдеу үшін қанша қаражат жұмсалады
42500 теңге: 4,28 млн қазақстандық алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу