Мас күйінде көлік жүргізген қыз жүргізуші куәлігінен айырылды

Oinet.kz 30-04-2020 860

Таразда көлік жүргізу құқығынан айырылған жас қыз мас күйінде көлік құралын басқарғаны анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz порталына сілтеме берген Oinet.kz.  

image.png

Былтыр мас күйде көлік басқарғаны үшін жүргізуші қыз куәлігінен айырылған болатын. Биыл 24 сәуірде Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлері облыс орталығындағы ықшам аудандардың бірінде 24 жастағы қала тұрғынының басқаруындағы “Toyota Camry” маркалы автокөлігін тоқтатқан. Төтенше жағдай режиміне қарамастан және алкогольдік мас күйінде бола тұра, ол көлік жүргізген. 2019 жылы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабының 1-бөлігімен көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін (алкогольдік мас күйінде жүргізушінің көлік құралын басқаруы) кінәлі деп танылып, үш жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған. Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 346-бабының 1-бөлігі (көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және мас күйінде болған тұлғаның көлік құралын басқаруы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Дариға Назарбаева ұсынған кандидатура Сенатта қолдау тапты
Алматыда қара топырақ ұрлап, сатпақ болғандар ұсталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу