Бас мүфти дін қызметкерлеріне мемлекеттік тілді білуді міндеттеді

Oinet.kz 07-05-2020 1273

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы діни басқармаға қарасты имам-ұстаздардың лауазымдық міндетін тағы бір жаңа міндетпен толықтырды деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі muftyat.kz-ке сілтеме жасап. 

Screenshot_2.jpg

Бас мүфти бұйрығы бойынша, діни басұарма қызметкерлері, республикалық маңызы бар қалалардың, облыстардың бас имамдары мен наиб имамдары, қала, аудан, ауыл имамдары мен наиб имамдары және ұстаз, азаншы, молдалардың мемлекеттік тіл – қазақ тілін білуі міндеттелді. Одан бөлек ресми тіл – орыс және Құран тілі – араб тілін білуі қажет. 

"Біздің еліміз Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Қазіргі таңда ҚМДБ-ның имам-ұстаздары қатарында өзге ұлт өкілдері де бар. Сондықтан олардың мешіт жамағатымен алтын көпір орнатуы үшін мемлекеттік тілді білуі маңызды", - делінген хабарламада. 


Өмірзақ Шөкеев Мақтааралдағы эвакуациялық орталықтарды аралады
Коронавирус жұқтырған тағы 112 жағдай тіркелді және 1 адам көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу