АҚШ тұрғындары коронавирус жұқтыру үшін сауық кештерінде жиналып жүр

Oinet.kz 09-05-2020 1676

АҚШ-тың Вашингтон штатында коронавирус кештері өтіп жүр. Онда адамдар көңіл көтеру үшін және ең бастысы - COVID-19 жұқтыруға жиналады. Бұл туралы Tech Times басылымы жазды, - деп хабарлайды ИноСми.

photo_66941.jpeg

Осындай кештерге баратын адамдар вирусқа қарсы иммунитетін жылдам қалыптастыру үшін инфекция жұқтыруға үміттенетін көрінеді. Сол үшін кешке коронавирус тасымалдаушылары шақырылады. Ал басқа қонақтар олармен қарым-қатынас орнатуға тырысады.

Басылым мәліметінше, осындай кештердің бірінде болған екі адамнан коронавирус анықталған. Алайда оларды ауруханаға жатқызбаған, себебі науқастарда ауру белгілері жоқ.

Коронавирус жұқтырғаннан кейін иммунитет қалыптасады дегенге сенетіндердің арасында Мадонна да бар. Әнші оның антиденелері кез келген инфекцияны жеңе алатынына сенімді.

Ал ғалымдар бұл тұжырымның дәлелденбегін айтып жатыр. 

10 жыл бойы тек қана қыздар туып келген ауылда тұңғыш рет ұл бала дүниеге келді
Карантиннен кейін Қарақат пен Әбдіжаппардың тойға шығу гонорары белгілі болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу