Утебеков: «...көзбояушылық. Үйден емделгенміз әлдеқайда жақсы»

Oinet.kz 16-05-2020 1077

Утебеков жаңа инфекциялық аурухананың емін сынға алып отыр.

Джохар жұма күні кешке ауруханаға түскен. Айтуынша, ол дәрігерлерден диагностикалық процедураларды өткізуді талап етуге мәжбүр болған.

image.png

"Бүгін сенбі және дәрігерлер демалып жатыр! Менде тіпті пандемия болмаса да, демалыс жоқ екенін айттым. Өздерін қиналып жатқандай сыңай танытады, клиникада науқасқа толып тұрғандай... Бірақ ВИЧ-ке арналған  ауыр дәрі алувияны бір ауыз сөзге келмей, менің жазбаша келісімімсіз, Денсаулық сақтау министрлігінің хаттамасын бұзып беріп отыр", - деп жазды Өтебеков.

Адвокаттың сөзінше, ол медициналық қызметкерлерден термометр сұрап, сатурацияны өлшеуді (қанның оттегімен қанықтылығы) қолқалаған.

"Бұл дегеніміз қызу жұмыстың жүргізіп жатқанына көзбояушылық. Үйден емделгенміз әлдеқайда жақсы болар еді", - деді Утебеков.

Адвокатқа өкпенің компьютерлік томографиясын шағымданғаннан кейін жасаған. Оның нәтижесі бойынша екі жақты пневмония анықталған. Сонымен бірге, Утебековтың айтуынша, оның бойында пневмония белгілері жоқ: демікпе, жөтел жоқ.

Еске салайық, Утебековтар отбасында бірінші болып жұбайы Құндыз вирус жұқтырған. Өзін және жақындарын мұқият қадағалап, сақтанғанына, карантинді үйде өткізгеніне қарамастан, одан Covid-19: белгілері пайда болған: дене қызуы көтеріліп, иіс сезуі жоғалды. Құндыз коронавирус инфекциясын анықтайтын ақылы тесттен өтіп, ол оң нәтиже көрсеткен соң бүкіл отбасы жедел жәрдеммен ауруханаларына жеткізілді. Ерлі-зайыптылардың екі ұлы инфекцияны жеңіл қабылдап, сауығып кеткен, жақын арада олар анасымен бірге ауруханадан шығуы мүмкін.

Бішкек қонақ үйінде карантиндегі адамдардың фотосуреттері желіде танымал
Біртанов Семейде індетпен күресіп жатқан дәрігерге пәтер кілтін табыстады
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу