Белгілі журналист Бейсен Құранбек өмірден өтті

Oinet.kz 18-05-2020 3308

Күллі қазақ еліне белгілі журналист Бейсен Құранбек 49 жасқа қараған шағында өмірден озды.

image.png

Қаралы қазаны Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы Ғалымұрат Жүкел әріптестеріне жеткізді. 

Бейсен Құранбек 1971 жылдың 9 желтоқсанында Алматы облысы Кербұлақ ауданы Қызылжар ауылында дүниеге келген. Ә л-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген. Еңбек жолын республикалық «Спорт» газетінде тілші, жауапты хатшы қызметінен бастаған. Ал қалған ғұмырын қазақ телевидениесімен байланыстырып, «Рахат», «31 арна», «Хабар» арналарында, Президент телерадиокешенінде қызмет атқарған. 2007-2012 жылдары Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болды. 2013-17 жылдары «Қазақстан» телеарнасындағы жалпақ жұртқа танымал «Айтуға оңай» әлеуметтік-тұрмыстық ток-шоуының жүргізушісі болды. 2017 жылдың қыркүйек айынан бері ұлттық арнадағы «Қарекет» бағдарламасын жүргізді. 2014 жылдың қазан айында Алматы облыстық «Жетісу» телеарнасының бас директоры болып қайта тағайындалды. Бейсен Құранбектің жарқын бейнесі әріптестерінің жүрегінде мәңгі сақталады.

Аягөздегі арнайы интернатта бірден 4 бала көз жұмды
Арман Қуанышбаев Қанат Әлжаппаровқа жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу