Ақтөбеде тағы бір жұмысшы қаза тапты

Oinet.kz 03-06-2020 1172

Ақтөбедегі хром қоспалары зауытында денесінің 65 пайызы буға күйіп қалған азамат бүгін түнде көз жұмды. Ол бес тәуліктен бері жансақтау бөлімінде жатқан, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Screenshot_1.jpg 

"Дененің 65 пайызы күйген азаматты құтқарып қалу мүмкін болмады. Ол түнгі сағат 2:00 шамасында көз жұмды. Оған осы күнге дейін жансақтау бөлімінде ем көрсетілді. Ал зауыттан жеткізілген екінші жұмысшының жағдайы қалыпты. 36 жастағы емделуші бүгін палатаға шығарылды. Оның денесінің 30 пайыздан астамын күйік шалған. Әзірге дәрігерлердің бақылауында болады",– дейді облыстық жедел жәрдем ауруханасының бас дәрігері Сәкен Қапанов. 

Естеріңізге салсақ, 28 мамыр күні Ақтөбе хром қоспалары зауытында тіркелген қайғылы жағдайдан төрт адам оқиға орнында қаза болып, екі адам жансақтау бөліміне түскен болатын. Оқыс оқиға зауыттың №4 цехында тіркелді. Алғашында өндірісте қолданылатын бөшкенің ішіндегі химиялық қалдықты тазалап жатқан бір жұмысшы күйіп қалады. Оның құтқармақ болып, артынан ілескен бес жұмысшы да 50 текше метрлік бөшкеге кірген. Барлығы да термиялық күйік алды. Төртеуі оқиға орнында қаза тапса, біреуі бес тәуліктен кейін ауруханада жан тапсырды. 

Шымкентте қаскөйлердің қолынан қаза тапқан 17 жастағы жеткіншектің соңғы сөзі
«Мерседес» мінген жігіт қарапайым тұрғынды атып кетті
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу