Тоқаевтың ұсынысы Қыдырәлі Болмановтың күлкісін келтірді

Oinet.kz 19-10-2018 13437

Жуырда сенат спикері Қасым-Жомарт Тоқаев тойдағы ысырапшылдықты азайтып, тойды жаңа форматта өткізуді ұсынған еді

fb7b3882-c1f3-42f0-b59a-b159b0acf3a6.jpg

Белгілі әнші, продюсер Қыдырәлі Болманов Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұсынысына қатысты пікір білдірді.

Болмановтың айтуынша, қазақта тойдан басқа да проблема толып жатыр. Тойды тоқтатқан күннің өзінде, ел экономикасы өсіп кетпейді.

"Егер біз дамығымыз келсе, тойды емес, шағын және орта бизнесті жолға қоюға күш салуымыз керек. Ал тойдың әңгімесін, сіз айтасыз, Ақанның кезінде де, Біржанның кезінде де айтқан. Бірақ оның экономикаға түк қатысы жоқ. Қазақ әрқашан барын қызығы мен қуанышына шашқан халық. Енді келіп, сонымен алысамыз ба? Той, асаба, фонограмма деп шулаймыз, жалпы онда мәдениет мәселесіне тоқталып, жақсылап жүйелі жұмыс жүргізу керек. Ондай жұмыс жоқ", — деді әнші.

Қыдырәлі Болманов ел ағалары он жылдан бері тойға тиісіп келе жатқанын атап өтті. Айтуынша,экономиканы көтеру, шағын және орта бизнесті жолға қою, отандық киноиндустрияны дамыту мәселелері далада қалып жатыр.

Қостанайда ер адам өзінің жыныс мүшесін кесіп тастаған
Қазақстанда тағы 183 адам коронавирус жұқтырды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу