Әшімбаев Ақордаға орала ма?

Oinet.kz 01-10-2026

ашгимбаев.jpg 

Қазақстандағы конституциялық реформадан кейін жоғары мемлекеттік қызметтердегі негізгі кадрлық орындар біртіндеп толтырылып келеді. 28 тамызда Айбек Дәдебай Құрылтай төрағасы болып сайланды. 31 тамызда Аида Балаева Президенттің Қауіпсіздік Кеңесіндегі орынбасары қызметіне тағайындалды. Ал 23 қыркүйекте бұрынғы Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды. Енді жұмыссыз қалған кім бар?

Осы кадрлық конфигурацияда назар енді бұрынғы Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевқа ауып отыр. 2020 жылдан бері Сенатты басқарған Әшімбаев 1 шілдеден бері жұмыссыз отыр.

Алайда бұл Әшімбаевтың саяси карьерасымен қош айтысты дегенді білдірмейді. 23 тамызда экс-төраға журналистерге нақты жоспарын жарияламай, Мемлекет басшысының әлеуметтік-экономикалық және саяси реформаларын жүзеге асыруға «қай бағытта болсын» қатыса беретінін айтқан болатын.

Бір қызығы, бұған дейін Әшімбаевтың аты жаңа Вице-президент болуы мүмкін кандидаттардың қатарында жиі аталған еді. Оның өзі ақпанда мұндай әңгімелердің негізсіз екенін айтқан. Кейін бұл қызметке Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ерлан Қаринді ұсынып, Құрылтайдың келісімімен тағайындады. Демек, бұл нұсқа да жабылды.

Ендеше Әшімбаевтың тақиясына тар келмейтіндей қандай қызмет қалды? Қазіргі таңда ресми ақпаратта оның жаңа лауазымы туралы мәлімет жоқ, ал ашық дереккөздерде сенімді сарапшылардың нақты кандидатура ретінде белгілі бір қызметті атаған пікірі де байқалмайды. Сондықтан ықтимал нұсқаларды ғана қарастыруға болады.

Әшімбаевтың еңбек жолына қарасақ, оның негізгі кәсіби бағыты – Президент Әкімшілігі, Қауіпсіздік Кеңесі, стратегиялық зерттеулер, халықаралық қатынастар және парламенттік жұмыс. Ол бұған дейін Қауіпсіздік Кеңесі хатшысының орынбасары, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары, Президент көмекшісі әрі Президент Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Сондықтан оның Президент Әкімшілігі жүйесіне немесе стратегиялық-саяси бағыттағы мемлекеттік құрылымдардың біріне қайта оралуы теориялық тұрғыдан қисынды көрінеді.  Әшімбаев дәл қазіргі уақытта бос тұрған Президент әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары лауазамына тағйаыныдалып, Ақордаға қайта оралуы мүмкін.  Тағы бір нұсқа – халықаралық немесе саяси реформалар бағытына жауапты арнайы мемлекеттік қызмет. Бірақ әзірге ең маңызды сұрақтың жауабы Президенттің келесі кадрлық шешіміне байланысты болмақ.


Мәслихат сайлауынан ел не өзгеріс күтеді?
Айдарға кіру
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу