Айсұлтан Рахат Тоқаевтың билікке қалай келгенін айтты

Oinet.kz 20-06-2020 9005

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жиен немересі Айсұлтан Рахат Facebook парақшасында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың билікке қалай келгені туралы айтты, деп хабарлайды Oinet.kz Skifnews порталына сілтеме жасап. 

image.png

Бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.  Айсұлтан Рахаттың сөзінше, 1995 жылы АҚШ-тың арнайы қызметтері яғни Орталық барлау басқармасының агенттіктері Қазақстанда төңкеріс жасау әрекетін жүзеге асырмақ болған. Мұны айтуды өзіне "құдай жеткізді" дейді ол.

Сондай-ақ Айсұлтан Рахат Орталық барлау басқармасының (ОББ) агенттері Тоқаевты БҰҰ-да жұмыс істеп жүрген кезде сиқырлап, қара сиқыршылықпен байланыстырып, кенеттен Нұрсұлтан Назарбаевтың ең жақын және сенімді адамдарының бірі еткенін жазды.

- "Оның басты міндеті – Ресейдің тұмсығының астында жүріп, хаос жасау, сол арқылы оны жою болатын. Бұл жоспар 1995 жылы жасалды. Алайда бұған жалғыз Құдай, Аврам, Ноя, Моисей, Давид пен Иса пайғамбардың құдайы араласып, АҚШ-тың ойлағанын оның өзіне жіберіп, сол жақта хаос орнатты" делінген жазбада.

Қазақстанда коронавирустан тағы бірнеше адам қайтыс болды
Марғұлан Сейсембай коронавирусқа байланысты қабылданған шараларды өткір сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу