​Шенеунік коронавируспен қалай ауырғанын айтып берді

Oinet.kz 25-06-2020 1089

 Жақында коронавируспен ауырған Алматы қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг кезінде ауруы қалай өрбігені туралы айтып берді. Қауіпті инфекциядан Қамалжан Надыровтың өкпесі қабынған деп жазады KAZ.NUR.KZ. порталына сілтеме жасаған Oinet.kz сайты

photo_276069.jpg

Надыров коронавирус ауыр формаға ұласқанын жасырмады. Алматы қаласының ҚДСБ басшысына өкпенің қабынуы диагнозы қойылған. Ол кезде Надыров Нұр-Сұлтан қаласында жатып, ем алған. Ауруханада 15 күн жатқан ол нақты процедуралар мен дәрі-дәрмектердің атын атамай, тек "хаттамаға сәйкес" емделгенін айтты. Денсаулық сақтау мекемесінің басшысы Covid-19 инфекциясын жұқтырғандарға асқынулардың алдын алу үшін дәрігерлердің ұсынысына құлақ асуға кеңес берді. Естеріңізге сала кетейік, Надыровтың жазылғаны туралы мамыр айының соңында белгілі болды. Денсаулық сақтау министрлігі басшысының орынбасары әріптесі емделгеннен кейін алынған тест теріс нәтиже көрсеткенін хабарлады. 

Ақтаулық үшем әскерге аттанды
Тоқаев еліміздегі той мәселесін қатаң сынға алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу