Тоқаев Елжан Біртановты жазаға тартуы мүмкін бе?

Oinet.kz 30-06-2020 3321

Қазақстандық белгілі заңгер Айгүл Орынбек кешегі үндеуден көп үміт күткенін айтады. Көпшілікті сағаттап күттірген үндеу барысында Тоқаев Біртановты жазаға тарту керектігін айтуы керек еді дейді заңгер. Бұл туралы ол өзінің Facebook парақшасында жазба қалдырды. 

image.png

Заңгердің пікірінше, Біртановтың жайдан-жай отставкаға кете салуы дұрыс емес. Оның осы күнге дейін жасаған жұмысы тексеріліп, елдегі ауыр жағдай үшін жауап беруі керек дейді Айгүл Орынбек.

- "Мен бүгін үндеуден не күттім? Үкімет отставкіге кетсін! Бас Прокурорға Елжан Біртанов үстінен іс қозғалсын деген тапсырма беру керек еді! Бәрін бүлдіріп алып жәй ғана отставкаға кете салу, меніңше дұрыс емес! Бүкіл дәрі дәрмектер жеткізітен компанияларға тексеру жүргізілсін!" - деген Айгүл Орынбек еліміздің үш қаласында салынған ауруханаларға кеткен шығындар да есепсіз қалмауы керектігін алға тартты. 

- "Үш қалада салынған аурухана бойынша кеткен шығындар, халық алдында ашық есеп берілсін! Дәрігерлер ауруханаға жетпей жатқан дүниелерін ашық айтсын, ешкімді жазаламаймыз, кешірім сұратпаймыз деген секілді үндеу күткенім үшін ұялып отырмын!" - деп кесіп айтты заңгер өз жазбасында. 

Атырауда коронавирусты қала тұрғындары жиі жұқтырып жатыр
Шымкентте де пневмония өршіді: 41 адам көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу