Амандық Баталов шұғыл түрде елордадағы ауруханаға жеткізілді

Oinet.kz 08-07-2020 1565

Коронавирус жұқтырған Алматы облысының әкімі Амандық Баталов Нұр-Сұлтандағы кардиологиялық орталықта ем алып жатыр. Себебі әкімде ентігу мен жүрек жеткіліксіздігі пайда болды, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

image.png

Бұл туралы облыс әкімінің орынбасары Батыржан Байжұманов онлайн-брифингте айтты.

- "Өздеріңіз білетіндей, Амандық Ғаббасұлыда коронавирус үш апта бұрын анықталды (22 маусым-автор). Ол емделді, бірақ ентігу мен жүрек жетіспеушілігінің басталуына байланысты дәрігерлер оны Нұр-Сұлтан кардиологиялық орталығына жатқызу туралы шешім қабылдады", - деді Батыржан Байжұманов.

Сондай-ақ, ол қазіргі уақытта әкімнің жағдайы жақсарғанын атап өтті.

- "Ол жерде ем алып жатыр жағдайы әлдеқайда жақсарды. Ол үнемі спортпен айналысады, денсаулығы мықты. Сондықтан жақын арада ол жазылып, жұмысқа кіріседі", - деді Байжұманов.

Коронавируспен күресте қаза болған дәрігерлердің суреті көрсетілген видео пайда болды (видео)
Тоқаев қазақстандықтарға үндеу жасайды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу