«Жер шетелдіктерге сатылмайды» - Тоқаев

Oinet.kz 10-07-2020

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында Жердің шетелдіктерге сатылмайтынын айтты, деп хабарлайды Oinet.kz ақпарат агенттігі. 

image.png

- Игерілмеген және тиімсіз игерілген жерлерді анықтап, оны алып қою мақсатымен ғарыштан мониторинг жасауды заңнамалық тұрғыдан бекіттік. Түгендеу барысында анықталған 12,8 млн гектар игерілмеген жердің 7 млн гектары мемлекетке қайтарылды. Жерді алдың ба, оны игеру керек. 2021 жылы Жер кодексінің жекелеген нормаларына жарияланған мораторий аяқталады. Осыған байланысты бұл мәселе жөнінде түпкілікті шешім қабылдауымыз керек. Негізгі мәселені айқындап алдық. Жер шетелдіктерге сатылмайды. Бұл мәселеге енді оралмаймыз, - деді Тоқаев. 

Тоқаев: «Қашанға дейін жалғасады... Намысымыз қайда»
Тоқаев Үкіметтің қазіргі құрамын өзгертуі мүмкін бе?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу
×