Дәрігер коронавирустың ресми сайтындағы ақпараттың шындыққа жанаспайтынын айтты

Oinet.kz 13-07-2020 2470

Алматыдағы "Орталық клиникалық аурухана" АҚ нейрохирургия орталығының меңгерушісі Мыңжылқы Бердіхождаев Денсаулық сақтау министрлігінен "статистикамен ойнауды тоқтатуды" және пневмония жағдайларын коронавирус ретінде тіркеуді сұрады.

image.png

Ол үндеуін Facebook желісінде жариялады. Дәрігердің айтуынша, Сoronavirus2020.kz сайтындағы мәліметтер шындыққа жанаспайды.

"Сайттың мәліметінше, Қазақстанда коронавирусқа қатысы жоқ бірақ өлімге әкеліп жатқан пневмония тарап жатыр. Осы сайттың мәліметтері бойынша, Қазақстанда өлімге әкелетін жаңа пневмония пайда болды! Статистикамен ойнауды тоқтату керек!", - деп жазады дәрігер.

Еске салайық, мұның алдында БАҚ Қазақстанда "белгісіз пневмония" тарап жатқанын хабарлаған болатын. Кейін Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігі бұл мәліметті жоққа шығарған.

Видеоға сілтеме.

Айнұр Тұрсынбаева Қазақстан халқына тағы да жақсылық жасады
Алматыда қалалық соттың әділ судьясы көз жұмды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу