Бас Имам: «Ет сұрап, мешітке келудің қажеті жоқ»

Oinet.kz 29-07-2020 1039

Алматыда құрбандыққа шалынған мал етін мұқтаж жандарға жеткізу ұйымдастырылады, деп хабарлайды zakon.kz-ке сілтеме берген Oinet.kz.

image.png

Бұл туралы Бостандық ауданындағы "Байкен" мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифинг барысында айтты,

- Шектелген карантиндік шараларға байланысты мешіттерде құрбандық шалу және құрбандыққа шалынған мал етін тарату деген болмайды. Құрбандық мал етін алғысы келетіндердің барлығы мешіттерге бармауы тиіс. Оны бізде арнайы құрылған штаб мұқтаж отбасыларға өздері таратады, - деді Данияр Жұмабаев.

Имам карантин талабын орындау үшін мерекелік Айт намазы Алматыдағы мешіттерде оқылмайтынын баса айтты. Биыл күн шыққаннан кейін бір сағаттан кейін құрбандық шалу басталады.

Еске салайық, құрбандық шалу рәсімі мен мұқтаж, аз қамтылған отбасылардың өтініші Qurban2020.kz сайты арқылы 24-30 шілде аралығында қабылданады. Құрбандыққа шалынған етті тарату 2 және 3 тамызда өтеді.

Қосымша ақпарат алу үшін мына телефон нөмірлеріне хабарласуға болады: 8 (700) 7197622, 8 (727) 3976390.

Ақеділ арда ағамыз еді...
Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу