Әлем елдері Ливанға көмек жібереді

Oinet.kz 10-08-2020 691

Франция президенті Эммануэль Макрон Ливанға көмектесу жұмыстарын үйлестіру бойынша "донор елдер" жиынын өткізді, деп хабарлайды "Хабар 24".

image.png

Ол онлайн форматта өтті.

Жиын барысында Макрон жойқын жарылыстан зардап шеккен Ливан халқына қол ұшын созу керегін алға тартты. Франция басшысының айтуынша, бұл іс Ливан мен оның халқын қолдаудағы бірліктің бірегей үлгісі болуы тиіс.

Айта кетейік, тамыздың төртінде Бейрутте жойқын жарылыс болып, 158 адам қаза тапты. 5 мыңнан астам азамат зардап шекті. 

Жиынға 15 ел қатысып отыр. Түркия және Ресей елдерімен байланыстық. Түрік елі конференцияға қатыса алмағанымен, Ливанға қол ұшын созбақ. Ресейдің де көмектесетініне сенімдімін. Бұдан бөлек, Израиль де көмек көрсетуге ниет білдіріп отыр, - деді Франция президенті Эммануэль Макрон.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Абай – рухани реформатор
Абай және Гаспыралы: жәдитшілдік мұрасы
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу