«Пайдаланып отыр»: Лукашенко Беларусь халқына үндеу жасады

Oinet.kz 15-08-2020 1179

Беларусь президенті Александр Лукашенко бірнеше күн өткен наразылық акцияларына пікір білдірді. Ол елдегі ахуалдың апатты емес екенін айтып, жаппай шерулерді тоқтатуға шақырды.

image.png

Кеше Александр Лукашенко Қауіпсідіз кеңесінің мүшелерімен бірге жиналыс өткізіп, наразылыққа шыққан белоруссиялықтарға үндеу жасаған. Президенттің айтуынша, ел тұрғындары митингке өздігінен шықпаған. Сөзінше, бұған Беларусьқа өзге елдерден келген ылаң салушылардың қатысы бар. 

"Қазір көшеге шықпаңыздар! Сіз бен біздің балаларымызды оқ жемі ретінде пайдаланып отыр", - деп келтірген Лукашенконың сөзін БелТА басылымы. 

Сонымен бірге Лукашенко наразылық кезінде бірнеше құқық қорғаушының да жарақат алғанын жеткізді. Лукашенко Минскті төңкеріп тастағанша күтіп отырмайтынын айтып, азаматтарды шеруді тоқтатуға шақырған. 

Еске сала кетсек, кеше Беларусь дереккөздері преидент Лукашенконыі халыққа үндеу жасайтынын хабарлаған болатын. Лукашенканың дайындалып жатқан үндеуі туралы хабарлама Ресейдің "Коммерсантъ FM 93.6" газетінің Twitter парақшасында жарияланды. Басылым Лукашенконың баспасөз хатшысы Наталью Эйсмонтқа сілтеме жасаған. 

Айта кетсйік, 9 тамызда Беларусьта президенттік сайлау өтті. Сайлау нәтижесімен келіспеушілер жаппай наразылық акцияларына шыға бастаған. Минск көшелеріне ел тұрғындары жиналып, тәртіп сақшылары мен жергілікті халық арасында қақтығыс орын алды.

Бүгін мемлекеттік грантқа ие болғандардың тізімі жарияланады
Түскі ас ішу үшін маскасын шешкен ветеринарға 600 мың теңге айыппұл салынды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу