«Қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін»: Сапарбаев кімдерді сынап тастады

Oinet.kz 18-08-2020 1480

Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаев білім саласындағы өзекті мәселелер бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады Oinet.kz сайты Sputniknews.kz сайтына сілтеме жасап.

11684222.jpg

"Жаңа оқу жылына дайындық шараларына байланысты бірқатар тапсырма берілген болатын. Нәтиже көрсетіп отырғандай, ол тапсырмалар орындалмаған. Өңірде мектептердің құрылысы мен күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстарға жеткілікті қаржы бөлінген. Жоспарға сәйкес көптеген нысандағы құрылысты 25 тамызға дейін аяқтау керек", - деді облыс әкімі.

Әкім жауапты адамдар оқу қашықтықтан өтеді деп үміттеніп отырғанын жеткізді. Сондықтан асықпайды. Қазіргі таңда облыста 22 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатыр. Олардың тоғызы биыл салынып болуы керек. Құрылыс жұмыстарына 10,1 миллиард теңге бөлінді. 

"Неліктен жұмыс кешіктіріліп жатыр, неге аудан әкімдіктері тарапынан бақылау жоқ? Аудан әкімдері, әкімдіктердің құрылыс бөлімдерінің басшылары қайда қарап жүр! Менің түсінуімше, мердігерлер де асығар емес. Жаңа оқу жылына аз уақыт қалған кезде неге тиісті шаралар қабылданбайды", - деді Сапарбаев.

Мектептері әлі пайдалануға берілмеген балалар шалғайдағы мектептерге барып оқуға мәжбүр. 

Білім беру саласындағы тағы бір маңызды мәселе – даладағы мектеп дәретханалары. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша, олардың бәрі 1 қыркүйекке дейін мектеп ғимараттарына енгізілуі керек еді. Бұл үшін 1,1 миллиард теңге бөлінген. Осы уақытқа дейін 285 дәретхананың тең жартысы ғана көшірілген.

"Бұл біздің өзіміздің балаларымыз. Неге құрылыс кезінде осы туралы ешкім ойламайды? Неліктен дәретханалар арасында бөліктер жасалынбаған? Әр дәретханаға кем дегенде екі миллион теңге жұмсалады. Бұл қарапайым дәретхана салу үшін шынымен жеткіліксіз бе?", - деді өңір басшысы. 

Ол оқу жылының басталуына аз-ақ уақыт қалғанын еске салды. Ал жұмыс әлі аяқталмаған.

"Мен аудан әкімдерінің қалай тыныш ұйықтайтынын түсінбеймін. Олардың орнында болсам, балалардың көше дәретханаларына қалай баратынын күн сайын ойлайтын едім. Балалардың алдында ұят", - деді облыс әкімі.

Сонымен қатар Сапарбаев облыстағы барлық мектептерде бейнебақылау камераларын орнатуды тездетуді тапсырды. Бейнекамералардың 80 проценті ескірген.

«Ұят болады» атты жаңа туынды көрерменге жол тартты (видео)
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері қаза болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу