Ақтөбеде бір жасар сәби көз жұмды

Oinet.kz 21-08-2020 1273

Ақтөбенің Мұғалжар ауданы Қандыағаш қаласында көпқабатты үйдің терезесінен 1 жасар бала құлап, мерт болды, деп хабарлайды Oinet.kz сайты KTK.KZ сайтына сілтеме жасап.

156994.jpg

Қандыағаш қаласының орталық аудандық ауруханасының жансақтау бөліміне бір жасар сәби жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін бала ауруханада көз жұмды. Тергеу барысында анықталғандай, бала қонақ бөлмеде терезенің қасында ойнап жүріп, 5-ші қабаттың терезесінен құлап кеткен. 

«Көбіне 2-7 жас аралығындағы балалардың терезеден құлап кету қаупі бар. Мұндай жазатайым оқиғалардың алдын алу үшін балаларды үйде қараусыз қалдырмау қажет. Жиһазды бала терезеге көтерілетіндей етіп қоймаңыз. Терезеге қойылатын тордың сапалы түрі де баланың салмағын көтере алмайды. Балаларды қорғау үшін терезелерге арнайы фиксатор орнату қажет. Ол балаға терезені бірнеше сантиметрден артық ашуға мүмкіндік бермейді», - дейді Ақтөбе облысы ПД Жергілікті полиция қызметінің ювеналды полиция аға инспекторы Нұржан Мукумов.


Беларусь президенті Лукашенко шын мәнінде кім?
«Ешкім жұмыстан кетуімді сұраған жоқ»: Серік Сәпиев қауесетке жауап берді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу