Қазақтардың намысына тиген фильм жалғасы түсіріле ме?

Oinet.kz 27-08-2020 815

Атышулы "Борат" фильмінің жалғасы түсірілімінің басталуы жайлы сыбыстар пайда болды. Әлеуметтік желі қолданушылары кейіпкердің рөлін сомдаған Саша Барон Коэнді түсірілімге қатысып жүргенін жарыса жазуда.

image.png

TikTok-тың калифорниялық қолданушысы актерді танымал Бораттың костюмімен көлік айдап бара жатқанын, онымен бірге түсірілім тобының жүргенін көргенін айтады.

Айта кетейік, халықтың наразылығын тудырған фильмде Борат Сагдиев есімді "қазақстандық" журналисттің АҚШ-қа барып, ол елдің мәдениетімен танысуы суреттеледі.

Ең сорақысы, бұл туындыдағы басты кейіпкердің рөлін сомдаған Коэн дәрежелі "Алтын глобус" марапатын жеңіп, фильмнің өзі болса "Оскарға" номинацияланған.

"Бораттың" жалғасы туралы әңгімелер сонау 2007 жылдан бері айтылып келеді. Ал Коэннің осы фильмнен кейін бағы жанып, басқа да киноларға түсіп үлгерген.

Жоба жетекшілері "Борат" фильмінің түсірілімі жайлы жақ ашпауды шешкен. Ал оны жасыру үшін Коэн "қызғылт трансгендерлердің киімін" киюге дейін барыпты.

Назарбаев әлем бойынша чемпион мәртебесіне ие болды (фото)
Қазақтың мақтанышына айналған Бекболат Тілеухан шын мәнінде кім?
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу