«Борат» фильмі арқылы «қазақты» масқаралаған актер шын мәнінде кім? (ақпарат)

Oinet.kz 29-08-2020 2137

Саша Ноем Барон Коэн 1971 жылы 13 қазан күні Ұлыбритания, Лондон қаласында дүниеге келген. Британдық актер  «Борат», «Бруно», «Диктатор» фильмдерінің арқасында танымал болған.

image.png

Отбасы: 

Саша Барон еврей отбасында дүниеге келген. Оның екі бауыры бар. Саша жағдайы жақсы әулетте тәрбиеленген. Әкесінің ерлер киімін сататын дүкені болғандықтан, олар қиындық көрмей өскен. Ағасы - Эрран Барон Коэн композитор болды. Ол Сашамен бірге фильмдер түсіреді. 

Білімі:

Коэн ауқатты отбасыда өскендіктен беделді мектептердің бірінде оқыды. Оқуын тәмамдағаннан кейін Кембридждегі Христа колледжіне оқуға түседі. Осы оқу ордасына келгеннен кейін актерлық таланты ашылады. Колледж сахнасында біршама спектакльдерде жарқырап көріне бастайды. Ол актерлік өнерден бөлек модельдік бизнесте де бағын сынап көреді. Одан кейін 1995 жылы Channel 4 арнасы конкурс жариялап, Саша бұл конкурсқа қатысып, жеңімпаз атанады. Ол оқуын тәмамдағанша осында жұмыс істеп, колледж бітіргеннен кейін ағасының комедиялық клубына жұмысқа орналасады. Ол осы сәттен бастап саяси сатираға жақын бола бастайды. 1998 жылы Саша екі минуттық сән әлеміне лайықталған роликке түсіп, танымалдылығы арта түседі. 2000 жылы Channel 4 каналына келген Коэн өткір сатиралық әзілдерді баяндайтын жеке бағдарламалық ток-шоуын ашады. Оның Америкаға келуі оған танымалдылықты алып келді.  

Жеке өмірі:

Саша Барон Коэн Канадалық Айла Фишер есімді актрисаға үйленеді. Олар 2010 жылы заңды түрде некелеседі. Олар осы уақытқа дейін, яғни 8 жыл бойы кездесіп жүреді. Коэннің сүйікті жары иудаизм бойынша білімін жетілдіреді. Содан кейін ғана олардың некесі осы сенім бойынша қиылады. 2007 жылы күз айында Коэннің бірінші қызы Олив дүние есігін ашады. 2010 жылы жары екінші қызы Элуланы өмірге әкеледі. 2015 жылы наурыз айында Айла Коэннің нағыз мұрагерін дүниеге әкеледі. Саша Барон оған Монтгомери Мозес Брайан Барон Коэн есімін берді.

image.png

Фильмография

1996 – Punch

2000 – The Jolly Boys' Last Stand – Vinnie

2002 – Ali G Indahouse – Ali G

2003 – Spyz – Ali G

2005 – Мадагаскар – Джулиан, дубляж

2006 – Talladega Nights: The Ballad of Ricky Bobby – Jean Girard

2006 – Борат – Борат Сагдиев

2007 – Sweeney Todd: The Demon Barber of Fleet Street – Signor Adolfo Pirelli

2008 – Мадагаскар 2 – Джулиан, дубляж

2009 – Бруно – Бруно

2011 – Hugo – Inspector Gustave Dasté

2012 – Диктатор – Хаффаз Аладин

2012 – Мадагаскар 3 – Джулиан, дубляж

2012 – Аластатылғандар (фильм, 2012) – Тенардье

2013 – Anchorman 2: The Legend Continues – BBC News Reporter

2016 – Grimsby – Norman Grimsby

2016 – Alice Through the Looking Glass – Time

«Борат» фильмі туралы:

«Борат» британдық комик Саша Барон Коенның қатысуымен шыққан, режиссёр Ларри Чарльздың кинофильмі.  Фильмнің бас кейіпкері - Коэн. АҚШ-ты саяхаттап, әртүрлі адамдармен кездесіп жүрген қазақстандық тілші — Борат Сағдиев. «Борат» Коенның «Али Джи шоуы» сатирикалық телебағдарлама кейіпкерлерінің негізінде түсірілген екінші фильм.

Дүниежүзілік кинотеатрларда көрсетілген, шектеулі прокатқа ие болған фильм 18 млн доллар бюджетінде түсіріліп, 261 572 744 доллар жинаған. Яғни  «Борат»  фильмі мол коммерциялық табысқа ие болды. 2006 жылы Саша Барон Коен Борат рөлі үшін «Үздік актер» номинациясында «Алтын глобусқа» ие болды. Фильм слоганы: «Қазақстанға келіңіз. Ол тамаша!».

image.png

Әлемге танылған актер қаза болды
Назарбаев: «Ертең біздің орнымызға басқа партия келеді»
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу