Димаш музыкатану ғылымдарының кандидаты дәрежесін алмақшы

Oinet.kz 03-09-2020 1128

Күліл әлемге танымал қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университетінің докторантурасына оқуға түсті, деп хабарлайды Oinet.kz тілшісі.

Dimash-2019-05-30.jpg

Бұл қуанышты хабар бір күн бұрын университеттің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланды. 

"2020-2021 оқу жылына "Қазақ ұлттық өнер университетіне" докторантураға қабылданған талапкерлер тізімі белгілі болды. Олардың қатарында: "Музыкатану" мамандығы бойынша Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы, "Аспапта орындаушылық" мамандығы бойынша Даутбаева Айгерим Файзуловна және "Музыка педагогтарын даярлау" мамандығы бойынша Жумашева Айгерим Ерболатовна. Қабылданған түлектерді құттықтай отырып, алдағы ғылыми дәрежелерін абыроймен қорғап шығуларына тілектеспіз!",– делінген жазбада.

Осы арада, Димаштың өзі қайтадан студент болуға бел буғанын әлі жариялаған жоқ. Алайда, жанкешті жанкүйерлер әлеуметтік желілерде өздерінің сүйікті әншісін жарыса құттықтап жатыр. 

Оған қоса, Қазақстанды күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің "Қайран елім" атты әніне түсірілген бейнебаяны желіде жарық көрген еді. Бұны көрген желі оқырмандары Димаштың әншіліген бөлек, адамгершілігін сөз етті.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Философия докторы немесе PhD доктор – бұл докторлық бiлiм беру бағдарламасын бiтiрген және докторлық диссертацияны қорғайтын тұлғаға берiлетiн жоғарғы ғылыми дәреже. Осыған орай, 2020 - 2021 оқу жылына «Қазақ ұлттық өнер университетіне» докторантураға қабылданған талапкерлер тізімі белгілі болды. Олардың қатарында: «Музыкатану» мамандығы бойынша Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы, «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша Даутбаева Айгерим Файзуловна және «Музыка педагогтарын даярлау» мамандығы бойынша Жумашева Айгерим Ерболатовна. Қабылданған түлектерді құттықтай отырып алдағы ғылыми дәрежелерін абыроймен қорғап шығуларына тілектеспіз! Доктор философии или же доктор PhD — это высшая научная степень, присуждаемая человеку, который окончил докторантуру и защищает докторскую диссертацию. В связи с этим был объявлен список абитуриентов, поступивших на докторантуру в "Казахский национальный университет искусств" на 2020-2021 учебный год. Среди них: Кудайберген Динмухаммед Канатулы по специальности "Музыковедение", Даутбаева Айгерим Файзуловна по специальности "Инструментальное исполнение" и Жумашева Айгерим Ерболатовна по специальности "Подготовка педагогов музыки". Поздравляем поступивших выпускников и желаем им с честью защитить свои будущие научные степени! A Doctor of Philosophy or PhD is the highest scientific degree awarded to a person who has completed a doctorate and defend a doctoral dissertation. In this regard, was announced a list of applicants who entered the doctoral program at the "Kazakh National University of Arts" for the 2020-2021 academic year. Among them: Kudaibergen Dinmukhammed Kanatuly with a degree in «Musicology», Dautbayeva Aigerim Faizulovna with a degree in «Instrumental Performance» and Zhumasheva Aigerim Erbolatovna with a degree in «Training of Music Teachers». We congratulate the incoming graduates and wish them to defend their future scientific degrees with honor!

Публикация от KAZNUI.KZ (@kaznuikz)

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қайтыс болғандар саны белгілі болды
«Болған оқиғаға кім жауап береді?» - депутат Үкімет басшысын сұрақ астына алды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу