Оқушыға сексуалдық сипаттағы әрекеттер жасаған Орал тұрғыны ұсталды

Oinet.kz 05-09-2020 702

Оралда оқушыға сексуалдық сипаттағы азғындық әрекеттер жасаған 23 жастағы жергілікті тұрғын қолға түсті деп хабарлайды Oinet.kz порталы polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Школьница сняла на телефон сексуальные домогательства отца в Татарстане -  Курьер.Среда.Бердск

Батыс Қазақстан облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сәйкес, ұсталған ер адам кінәсін мойындап, аталған жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды. 

Оқиға тамыз айының ортасында Орал қаласындағы су қоймаларының бірінің маңында орын алған. Ал 14 жастағы қыз баланың анасы 3 қыркүйек күні тәртіп сақшыларына шағым түсірген. Күдікті тез арада анықталып, қолға түсті. 

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы қылмыстық кодекстің 124-бабы 1-бөліміне ("Көрінеу жас балаға қатысты күш қолданбай азғындық әрекеттер жасау") сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. 

Аталған бап бойынша кінәсі толық дәлелденген адам белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан жеті жылдан он жылға дейінгі мерзімге айырыла отырып, бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланбақ. 

Актриса: «Үш жарым жыл комада жатып оянғанда, күйеуім басқаға үйленіп кетіпті»
500 мың теңге пара алған шымкенттік шенеунік 15 млн теңге айыппұл төлейтін болды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу