Қазақстандықтарға емханаға тіркелуге екі ай уақыт беріледі

Oinet.kz 12-09-2020 623

15 қыркүйектен бастап Қазақстанда азаматтарды алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарына тіркеу науқаны басталады. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында мәлім етті.

image.png

"Қазақстанда 15 қыркүйектен бастап халықты алғашқы медициналық-санитарлық көмек беретін ұйымдарға тіркеу науқаны басталады. Науқан екі айға созылады", - деді Бағдат Қожахметов. 

Ведомствоның ресми өкілі қазақстандықтарға емхананы өз үйіне жақын маңнан таңдауға кеңес берді. 

"Емханалар денсаулық сақтау жүйесіне кірудің "алтын қақпасы" екенін білесіздер. Сондықтан алдағы екі айда азаматтарымыз тұрғылықты жері бойынша емханаларды таңдай алады. Мейлінше үйіңізге жақын жерден таңдауға кеңес береміз. Өйткені медицина қызметкерлеріне емханаға тіркелген науқастарды үнемі қадағалап, тіпті үйіне барып қызмет көрсетуге ыңғайлы болады. Бұл тәжірибе, әсіресе, пандемия жағдайында аса маңызды", - деді ол.

Әкім Есбаевтың ендігі тағдырын сот шешеді
Қазақстанда өткен тәулікте тағы 68 адамнан коронавирус анықталды
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу