Бейсен Құранбектің әкесі қайтыс болды

Oinet.kz 24-09-2020 987

Марқұм тележүргізуші Бейсен Құранбектің отбасы тағы да қара жамылды. Тележүргізушінің әкесі қайтыс болды. 

image.png

Бейсен Құранбектің әкесі көз жұмды, деп мәлімдеді сенімді дереккөз. Құранбеков Абай Жанысбекұлы ұлы мен жарының соңынан мәңгілік мекеніне аттанып кете барды. Марқұмның неден қайтыс болғаны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ.

Биылғы жылдың мамыр айында танымал тележүргізуші Бейсен Құранбек өмірден озды. Тележүргізушінің қырқы болатын күні аяулы анасы бақиға аттанған еді. Марқұмның отбасы ғана емес, күллі қазақ қайғыдан қан жұтты. Желіде Бейсен Құранбек туралы ізгі естеліктер мен сағынышқа толы жазбалар, хаттар толассыз жарияланып жатты. 


Мемлекет басшысының БҰҰ Бас Ассамблеясының жалпы саяси дебаттарында сөйлеген сөзі
Жамбылдық келіншек 5 жасар ұлын алты бала зорлағанын айтты (видео)
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу