Атышулы Хамитов қарсыласын алғашқы раундта жеңді

Oinet.kz 26-09-2020 1206

Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов (18-7-1) Мәскеуде өткен Fight Nights Global 98 турниріне қатысты деп хабарлайды Oinet.kz порталы Sports.kz-ке сілтеме жасап. 

image.png

"Найман" лақап атымен танылған отандық спортшы ресейлік файтер Ахмад-Хан Боковпен (5-4) кездесті. Жекпе-жек барысында қазақстандық бірінші раундта тұншықтыру әдісімен қарсыласынан басым түсті. 

Айта кетейік, айқас қарсаңында Қуат Хамитовтың қарсыласы өзгерген: бастапқыда ол Олег Косиновке (7-5) қарсылас болуы керек еді. Осылайша отандық спортшы кәсіби карьерасындағы 19-шы жеңісіне қол жеткізді, ал Ахмад-Хан Боков бесінші мәрте жеңіліске ұшырады. Осыған дейін Хамитов бір жарым жыл бойы жекпе-жекке шықпады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram


В Москве проходит турнир по смешанным единоборствам Fight Nights Global 98, на котором выступил казахстанский файтер Куат Хамитов (18-7-1). Хамитов сразился с российским бойцом Ахмад-Ханом Боковым (5-4). Отметим, что соперник Куата сменился накануне боя: изначально он должен был драться с другим россиянином — Олегом Косиновым (7-5). Итогом боя Хамитова и Бокова стала победа казахстанца удушающим приемом в первом раунде.

Публикация от SPORTS.KZ (@kzsports)

Қазақстандық белгілі кәсіпкер қаза тапты
Цойдың алматылық блогерлермен кездесуін министрлік өкілі түсіндірді
Сәйкес тақырыптар
Көтерілу